Елордада Ғарифолла Құрманғалиевтің 105 жылдығына арналған концерт өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 желтоқсан күні (сағат 19-00) «Астана» сурет галереясында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 105 жыл толуына арналған концерт өтеді. «Әнімен елін тербеген» атты осы өнер кешінде Ғарифолла Құрманғалиев туралы шағын бейнекөрініс көрсетіледі.
None
None

Елорда тұрғындары алдында Батыс Қазақстан облысының танымал әншілері өнер көрсетеді.

Атап айтқанда, осы өнер кешінде күміс көмей әнші, танымал айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті, белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева ән шырқайды.

Сондай-ақ батыстың әншілік мектебін өрге тартып жүрген өнер иелері Серік Әбдірахманов, Армат Исламғалиев, Ернар Өмірәлі, Данияр Елеуов, Лаура Мұхамеджанова Елорда тұрғындарын асқақ әнмен сусындататын болады.

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филормониясының көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиевтің айтуы бойынша, концертте негізінен Мұхит Мерәліұлы мен Ғарифолла Құрманғалиевтің әндері шырқалмақ.

«Астана жұртшылығы Мұхит пен Ғарекеңнің асқақ әндерін тыңдап, бір серпіліп қалады деген ойдамыз. Өнер сүйер қауымды осы кешке шақырып отырмыз»,- дейді Мақсот Омарғалиев.

Соңғы жаңалықтар