08:12, 23 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елордада қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы шектелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы шектелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Astana LRT-ге сілтеме жасап хабарлайды.
«Тас жолдардың жабылуына және ауа райы нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде Қосшы кентіне қатынайтын №303 бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді.