Елордада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM —  Елордада 10-11 мамыр аралығында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Елордада мерекеге орай қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің мәліметінше жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара 10 және 11 мамырда сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Н.Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.

Ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан мына автобус маршруттары өтеді: № 2, 32, 49, 50, 73. Бұл іс-шара өтетін жерге жылдам жету үшін маңызды. 

Сонымен қатар ертең Астанада дзюдодан халықаралық Grand Slam жарысы басталады.

Соңғы жаңалықтар