15:50, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Елордада «KazMeat&Milk 2010» атты I Халықаралық мал шаруашылығы форумы өтеді
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шілденің 30-ында елордада «KazMeat&Milk 2010» атты I Халықаралық мал шаруашылығы форумы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған форумға Қазақстан, Ресей, Беларус, Еуропа және Канада елдерінің жетекші ет және сүт өнімдерін өндірушілері қатыспақ. Сонымен қатар Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы мен Дүниежүзілік банктің өкілдері де қатысатын болады.
Алқалы жиын аясында ет өндірушілер және ет өнімдерін қайта өңдеушілердің І съезі ұйымдастырылатын атап өткен вице-министр «Кәсіпкерлердің өздері күштерін топтастыруға ниетті болып отыр. Өйткені бірлескенде ғана біз Кеден одағы бойынша көршілеріміздің және басқа да елдердің нарығына жеткізу көлемін шоғырландыра аламыз», деп атап өтті.
Форум «Қараөткел 2010» жәрмеңкесі аясында «RIXOS President Astana» қонақ үйінде өтеді.