Елордада «Керей мен Жәнібек» комиксі таныстырылды

Керей
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Керей мен Жәнібек хандар туралы комикстің тұсаукесер рәсімі өтті.

Комикс авторы 21 жастағы Ілияс Юсупжановтың айтуынша, отандастарымыздың көпшілігі мектеп қабырғасында оқыған қазақ тарихына қатысты деректерді бүгінде ұмытып қалған. Сондықтан да олардың жадында тарихи деректерді жаңғырту үшін «Отандық 100 комикс» жобасы қолға алынып отыр. 

Керей
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Алматыда комиксімді оқып үлгерген мектептер бар. Алғашқы тұсаукесері де сол жақта өтті. Оқушыларға Қазақ хандығының тарихына қатысты сауал қойғанымда көпшілігі жауап беруге дайын болды. Меніңше, бұл «Керей мен Жәнібек» комиксінің нәтижесі», - деді жас қаламгер.

Керей
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева мұндай комикстер балаларды күрделі әдеби шығармаларды оқуға дайындауға тамаша мүмкіндік екендігін айтады. Оның пайымынша, комикс оқиғаны суреттермен сипаттау арқылы-ақ жастардың арасында өте танымал болып тұр. 

Керей
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Алматыда комикстер бұрышын ашқан едік. Дүкендер әртүрлі жанрдағы 500 комикс берді. Дәл осы бұрыш жасөспірімдер мен балалар арасында барлық уақытта да өте танымал. Енді осы жерде де сондай бұрыш ашып, жастарымызға қазақтың ұлттық батырларын танытқымыз келеді», - деді Ғазиза Нұрғалиева.

Керей
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Соңғы жаңалықтар