Елордада КХЛ «Жұлдыздар матчына» арнайы автобустар қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда өтетін «Мастер-шоу КХЛ 2018» және 14 қаңтарда өтетін «КХЛ жұлдыздар матчы» көрермендерін «Барыс Арена» кешненіне жеткізу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.
None
None

Автобустардың жүру уақыты - сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін жүреді.

Қоғамдық көліктер жолаушыларды «Қазақстан» СК тұрағы, Бөгенбай батыр ескерткіші жанында (Богенбай батыр - Сарыарқа даңғ. қиылысы), «Нұр Астана» мешіті тұрағы, «Жастар» сарайы» тұрағы, «Астаналық цирк» тұрағында күтеді.

Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, сондай-ақ жол жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.

Спорттық шара аяқталған соң «Барыс Арена» мұз айдыны тұрағынан қалаға апаратын арнайы автобустар ұйымдастырылады.10 қаңтар (сәрсенбі )

19-00 (жергілікті уақыт) - Әйелдер хоккей лигасының матчы (Тұран даңғылы, 75 үй, «Барыс-Арена»)

11 қаңтар (бейсенбі)
19-00 - Жастар хоккей лигасының Кубогы (Тұран даңғылы, 75 үй, «Барыс-Арена»)

12 қаңтар (жұма)
19-00 - Құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздарының онйышыларын таныстыру (Мәңгілік Ел даңғылы, 55 үй, 2 б, «Hilton Astana» қонақ үйі)

13 қаңтар (сенбі)
13-30- Құрлықтық хоккей лигасы ойыншыларының мастер-шоуы (Тұран даңғылы, 75 үй, «Барыс-Арена»)

18-00 - Астана әкімдігінің атынан салтанатты қабылдау (Сарыарқа көшесі, 4 үй, «Radisson Blu» қонақ үйі)

14 қаңтар (жексенбі)
13-30 - Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздарының матчы (Тұран даңғылы, 45 үй, «Барыс-Арена»)

Соңғы жаңалықтар