Елордада кикбоксингіден ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтеді

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Елордада наурыздың 25-і мен 28-і аралығында кикбоксингіден ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, бұл шара осы спорттың еліміздегі жиырма жылдық мерекесіне орайластырылып отыр,

Елордада кикбоксингіден ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтеді

деп хабарлады Астана қаласының туризм және дене тәрбиесі басқармасының баспасөз қызметі. «ҚР Кубогына 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан спортшылар қатысады. Оның ашылу салтанатына және жарыс күндеріне Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, «WAKO-Kazakhstan» ҚР кикбоксинг федерациясының президенті Ирак Елекеев, кикбоксингі бойынша ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Смағұлов қатысады», - делінген таратылған хабарламада.

Кикбоксинг бойынша ҚР Кубогының жеңімпаздары ҚР ұлттық құрамасының құрамына алынады және халықаралық спорт ареналарында қазақстандық спорттың намысын қорғайтын болады.

Жарыстар «Дәулет» спорт комбинатында (Ұлттық тенис орталығы) өтеді.