Елордада қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «ҚазАгроның» семинары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «ҚазАгроның» ұйымдастыруымен Қазақстанның аграрлық секторында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың қатысуымен семинар болып өтті. Онда агро өнеркәсіптік (АӨК) кешендегі негізгі бағдарламалардың іске асырылуы айтылды, деп хабарлады Ұлттых Холдинг баспасөз қызметінен.
None
None

Семинарда көктемгі егіс және егін жинауды қаржыландыру, ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту туралы және АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік базасында машина трактор станцияларын құру бағдарламалары жөнінде талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасы кәсіпкерлері Ұлттық палатасының, «Қазақстанның фермерлер одағы», Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, Қазақстан картоп егушілері мен көкөніс шаруашылығы қауымдастығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, сондай-ақ «Astana», «Есіл», «Тобыл», «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының өкілдері қатысты. Бас қосуда АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның 20 тамызда өткен отырысының қорытындысы бойынша Агробизнес-2020 бағдарламасының қаржылай сауықтыру жөніндегі мақсатты индикаторы орындалды - АӨК субъектілерінің 312,4 млрд.теңге сомасына өтінімдері мақұлданды, жоспарланғаны 300 млрд.теңге. Семинарға қатысушылар қаржылай сауықтыру бағдарламасын одан әрі іске асыру мәселесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар