Елордада Қостанай облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

"Қостанай облысы Астанада жылдағысынша жәрмеңкеге көп өнім әкелді. 100-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары келіп отыр. Олар шамамен 400 тонна ауыл шаруашылық тауарларын әкелді. Еттің барлық түрі, қой, сиыр, құс, жылқы еттері сөреде тұр. Көкөністердің 200 тоннасы жеткізілген. Жұмыртқа, бал, жалпы қала тұрғындарына қажет барлық азық-түлікті әкеліп отырмыз. Азық қана емес, өңірден өзіміздің жергілікті әртістерді ала келдік. Жәрмеңкеде Қостанай облысының мәдениетін көрсету үшін. Шара өте жақсы өтуде деп санаймын. Тауар өндірушілеріміз риза. Сауда өте қарқынды өтуде. Барлық тауарлардың бағасы 15-30 пайызға төмендетілген. Осының барлығы астаналықтарға жасалуда, xалықтың көңілінен шығуға тырысамыз", - дейді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байболсын Мурзин "ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұxбатында.