Елордада «Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан» атты көрме ашылды

денің 14-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Суретшілер одағы ғимаратында «Қызғалдақтың Отаны - Қазақстан» республикалық фестивалінің нәтижесі бойынша балалардың сурет көрмесі ашылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымал журналы, «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі мен БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асырылатын экологиялық жобалары ұйымдастырып отырған игі шара шілденің 20-сына дейін созылады. Фестивальға ҚР Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, осы ведомствоның орман және аң аулау шаруашылығы комитеті, Нидерланды Корольдігінің елшілігі, Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы қолдау көрсетіп отыр.

 Естеріңізге сала кетейік, фестиваль Алматы қаласында маусымның 5-сінде өткен болатын. Онда республиканың түкпір-түкпірінен жиналған оқушылардың 8 аталым бойынша 522 жұмысы қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - қызғалдақтардың жабайы түрлері өсетін негізгі аумақ ретінде Қазақстанның имиджін алға шығару және жастарды қоршаған ортаны қорғауға тәрбилеу.

 Балалар суреттерінің көрмесіне қатысқан Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Клаас ван дер Темпел өз сөзін қазақ тілінде бастады. «Ханымдар мен мырзалар! Әлемде қызғалдақтарымен танымал 3 ел бар. Ол - Қазақстан, Түркия және Голландия», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар