Елордада Лев Гумилевке ескерткіш орнатылады

   АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Л.Н.Гумилев мұралары және қазіргі Еуразиялық ынтымақтастық» атты тақырыпта ІХ Халықаралық Еуразиялық ғылыми  форум өтеді.
None
None

Форумның негізгі мақсаты: Л.Н.Гумилев мұраларына жаңашыл көзқараспен қарап, интеллектуалды тұрғыдан баға беру және әртүрлі пікір туғызып жүрген мәселелерді  атақты ғалымдардың  талқысына салу, пікірталас тудыру арқылы еуразиялық идея Еуразия халқының интеграциялық баспалдақтарының негізі екенін бүкіл әлемге паш ету. Ғалымдар пленарлық мәжіліске қатысып,  5 секция бойынша жұмыс жүргізбек. Негізгі тақырыбы - Еуразиядағы көшпенділердің дамуы: тарихы мен мәдениеті; Еуразия халқының шығу тегі мен тарихының проблемалары және ғалым мұраларының  ғылыми зерттелуі; Лев Гумилев мұралары: психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-философиялық аспектілер; еуразиялық интеграцияның болашағы мен қазіргі деңгейі.

Белгілі ғалым, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы Лев Гумилевтің туғанына 100 жыл толуына орай  Еуразия ұлттық  университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың жетекшілігімен  топтама кітаптар сериясы жарыққа шықты.

Айта кетейік, Л.Н.Гумилевтің 100 жылдығына орай  университет ауласынан ұлы ғалымның ескерткіші бой көтермекші.

«1996 жылдың мамырында Еуразиялық университетті Астанада құру туралы Жарлықты бекітіп, жаңа ұлттық жоғары оқу орны Л. Гумилев атымен аталды. Бұл кездейсоқ оқиға емес. Ғалымның 100 жылдығына арналған форум Лев Гумилевтің өзі көтерген өмірлік философиялық құнды бағыттарға негізделген», - деді Е. Сыдықов.

Жақын арада елордада ғалымға арналған ескерткіш пайда болатынына тоқталған ол, «қазіргі кезде Л. Гумилев ескерткіші дайындалды және таяуда орнатылады. Біз байқау өткізіп, ең үздік жобаны іріктедік», - деп түйіндеді ректор.

Соңғы жаңалықтар