Елордада LRT рельсінің 25 пайызы төселді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада LRT желісінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) ұйымының баспасөз қызметі хабарлайды.

 Елордада LRT рельсінің 25 пайызы төселді
Фото: Астана әкімдігі

- LRT желісі жолының жоғарғы құрылысын салу жұмыстары 25% аяқталды. Бүгінде 22,4 шақырымдық екі жолақты рельстің 5,6 шақырымы төселді. Нысанға арнайы техникалар, яғни маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар жеткізілді, - делінген хабарламада.

Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары, шуды 5–10 дБ-ге дейін азайтуға, жоғары тозуға төзімді және әртүрлі жағдайға бейім.

Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілеу кезеңінде, жеңіл рельстің қысқы ауа райында төзімділігін бақылауға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады.

Сондай-ақ Астана әкімі LRT-де жол жүру бағасы қанша болатынын айтты. 

Одан бөлек LRT құрылысына байланысты Астананың екі жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар