Елордада мектеп ғимаратына бомба қойылғандығы туралы анонимді хабар түсті

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Кеше күндіз Астанада «02» пультына №7 орта мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түсті,

Елордада мектеп ғимаратына  бомба қойылғандығы  туралы анонимді хабар түсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектеп ғимаратынан 1 000 адам көшірілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.