Елордада «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тіл» конкурсының қорытынды кезеңі өтуде

АСТАНА.  Қазанның   6-сы.  ҚазАқпарат /Зарина Нокрабекова/ - Бүгін    елордада «Мемлекеттік  қызметтегі мемлекеттік  тіл» конкурсының  қорытынды кезеңі  өтіп жатыр.  

Елордада  «Мемлекеттік  қызметтегі мемлекеттік  тіл» конкурсының  қорытынды кезеңі  өтуде

  Алдын-ала    турларда   жеңіске жеткен   17 команда   сөздік  қор, сөйлеу  мәдениеті,    білімділік   және тапқырлық бойынша білім жарыстыруда.  Командалар   түрлі  ұлт өкілдерінен  жасақталған.

«Бүгінгі  шараның  басты  мақсаты   мемлекеттік  қызметкерлердің арасында мемлекеттік  тілді  насихаттау ғана емес,  сонымен бірге   мемлекеттік    қызметтерде  қазақ тілінде  іс жүргізудің сапасын     көтеру  және    тіл мәдениетін  жетілдіру»,  -   дейді Мәдениет   және ақпарат  министрлігі тілдер  комитетінің    төрағасы Ербол Шаймерден.

 Конкурсанттардың  қазақ тілінде  құжаттар  әзірлеу біліктіліктерін     құзырлы  қазылар  алқасы бағалауда.   Конкурстың  қорытындысы  бүгін  кешке  шығарылады.