Елордада Мемлекеттік нышандардың 20 жылдығына арналған отансүйгіштік акциялар өтеді
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні елордадағы Конгресс-холл сарайы алдындағы алаңда ҚР Мемлекеттік нышандарының 20 жылдығына арналған отансүйгіштік акция өтеді.
Шараға Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары, жоғарыо қу орындарының студенттер, танымал спортшылар, интеллигенция өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Акция соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қауым алдында МузАрт, Ақылбек Жеменей сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысады.
Сонымен қатар Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры тағы бір шараны қоғамдық көліктерде жүзеге асыратын болады. Осы күні қалалық жолаушылар көлігі қызметкерлері мемлекеттік нышандар бейнеленіп, отансүйгіштік сөздер жазылған арнайы футболкалар киеді.