17:22, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Елордада «Нұр Отан» ХДП Республикалық депутаттар форумы өтеді
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Мамырдың 14-інде елордада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Республикалық депутаттар форумы өтеді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Форум жұмысына партия басшылығы, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Премьер-Министр кеңсесінің өкілдері, депутаттар қатысады.Партия депутаттары ХІІ съезд қарсаңында тағы бір мәрте бас қосып, партияның Халықтық тұғырнамасының жүзеге асырылу барысын, алдын ала жұмыс нәтижелерін, Халықтық тұғырнаманы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында одан әрі жүзеге асыру мәселелерін талқылайды. Партияның Халықтық тұғырнамасын іске асыру жұмысы мемлекеттік органдарда қабылданған күнінен бастап жүйелі түрде қолға алынып келеді. Партияның ресми өкілінің айтуынша, форумның қорытынды кұжаты ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарына форумға қатысушылар үндеу жолдайды.