Елордада сайлау күні түске дейін қанша нәресте дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сайлау күні түске дейін елордада қанша нәресте өмірге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада сайлау күні түске дейін қанша нәресте дүниеге келді

«9 маусым күні сағат 14:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Перинаталды орталықтарында 30 нәресте дүние есігін ашты. Оның 15-і ұл бала, және сонша қыз бала - 15» делінген хабарламада.