Елордада «Smile Astana» жастар қозғалысы қарқын алып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық жастар кең ауқымды акцияға белсенді қатысуда. Қала көшелерінде смайликтері бар жапсырмалар пайда болуда. Студенттер, жас мамандар және қаланың жастар ұйымдарының өкілдері елорданың көңілді, мейірімді тұрғындарының бейнесін қалыптастыруға бағытталған жаңа мәдени трендті қолдауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None



Қала басшысы Әсет Исекешевтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Smail Astana» жобасы елордалық студенттер арасында күн сайын кеңінен танылып келеді.

Әлеуметтік желілерде акция #АқжарқынАстана # SmailAstana хештегі арқылы өтуде. Қала көшелерінде тұрғындардың көңілін көтеретін жапсырмалар, смайликтермен тизерлер, билбордтар пайда болуда. Әрбір астаналықтың қайырымды ісі еленіп, марапатталатын болады.








Соңғы жаңалықтар