Елордада SOLANA FEST үшін арнайы маршруттар іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — «Astana» гольф-клубында 17 мамырда SOLANA FEST 2026 халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Елордада SOLANA FEST үшін арнайы маршруттар іске қосылады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін іс-шара өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды.

SOLANA FEST 2026 әлемдік жұлдыздар, олардың арасында — Nicole Scherzinger, Flo Rida, Busta Rhymes және т. б. өнер көрсетеді. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін ұйымдастырушылар Астананың түрлі орындарынан фестиваль алаңына дейін және кері бағытта қатынайтын тегін шаттл автобустар ұйымдастырылады.

Шаттл-бастар мына орындардан қатынайды:

• Әзірет Сұлтан мешіті;
• Астаналық цирк;
• Орталық мешіт;
• Нұрлы жол (Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі жағынан).

Жүру уақыты: 15:00, 16:00 және 17:00.

Фестиваль аяқталғаннан кейінгі кері рейстер сағат 23:00–де ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар жиналу орнына алдын ала келуді кеңес етеді.

Еске сала кетейік, Астанада бірқатар автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.