Елордада таэквондодан халықаралық турнир өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада таэквондодан Kazakhstan Open G-1 ірі халықаралық турнирі өтеді.

Таэквондо федерациясының баспасөз қызметі
Фото: Таэквондо федерациясының баспасөз қызметі

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бұл спорттық шара Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енгізілген және биылғы 14-16 тамыз аралығында өтеді. 

Үш күн бойы даянгта әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік кадеттер, жасөспірімдер мен ересек спортшылар бақ сынайды.

Турнир өтетін орын – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені. 

Еске сала кетейік, бұған дейін таэквондодан Қытайдағы турнирде Азиза Қаражанова құрама қоржынына қола медаль салғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар