Елордада тағы да бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — № 303, 323, № 5, 5А бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.
Бүгін сондай-ақ № 52 бағдардың да қозғалыс маршруты уақытша өзгеретіні хабарланды.
Бұған дейін елордада Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралық уақытша жабылатыны туралы хабарладық. Бұл аралық бүгін 07:00–де қайта ашылды.
Сонымен қатар қалада бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Айта кетейік, «Восток ТК», «Балауса ТҮК» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып, түсірмейді.
Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады.