Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада тағы бір тұрғын үйден шыққан өрттен 3 адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Керей, Жәнібек хандар көшесі, 9» мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Елордада тағы бір тұрғын үйден шыққан өрттен 3 адам жапа шекті

Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «109 кезекшілік қызметіне» сағат 19:12-де «Керей, Жәнібек хандар көшесі, 9» мекенжайында орналасқан «Градокомплекс №2» тұрғын үй кешенінің №12 кіреберісі тұтап жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу «Есіл» ауданының өрт сөндіру бөлімі жетіп, 19:46-да тілсіз жау ауыздықталған. 

Оқиға салдарынан 3 адам орта деңгейде түтінге уланып, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Үйдің 5-9 қабаты аралығында электр кабелі өртеніп, 53 пәтер жарықсыз қалған.

Қазіргі уақытта Астана қалалық ТЖД мен «Есіл» ауданының ІІБ жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Жұмыс аяқталысымен ПИК апат салдарын жою ісіне кіріседі. Ал жарық беру 12 мамыр күнгі 12 сағатқа дейін қалпына келтіріледі. Суық және ыстық су, кәріз жүйесі штаттық жағдайда жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік үшін лифт тоқтатылған.

Айта кетейік, бұған дейін 11 мамыр күні елордадағы «Гранд Астана» тұрғын үй кешеніндегі 1 бөлмелі пәтер отқа оранғаны туралы хабарлаған болатынбыз.