Елордада «TOM: Nur-Sultan» кезекті мейкатонының бірінші кезеңі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елордада Мейкатон «TOM: Nur-Sultan» әлеуметтік жобасының бірінші IDEATHON кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

IDEATHON – бұл Нұр-Сұлтан қаласының оқу орындарынан құрылған командалардың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту бойынша өздерінің идеяларын қазылардың алдында таныстыратын шара.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен елордадағы Мейкатонның ұйымдастырушылары – жылдағы дәстүр бойынша «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен ҚР Тел-Авив университеті достар қауымдастығы. Биыл ұйымдастырушылар қатарына «Astana International University» университеті мен «GreenTal» әлеуметтік шеберханасы қосылған.


Мейкатонның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға және олардың қалыпты өмірде ұйымдарға бейімделуі бағытындағы қолжетімді бағада ұсынылатын ыңғайлы құралдарды құру.

Қатысушылар мынадай идеяларын ортаға салды:
- нашар көретіндерге арналған құрылғы. Ол белгілі бір кедергіге дейінгі қашықтықты өлшеп, қатты немесе әлсіз вибрация береді;
- мүгедектер арбасын модификациялау;
- мүгедектер арбасына арналған электр жетегі. Ол протездерді жеке қиыстыру бойынша конструкторлық бюро;
- протездерді жаңғырту бойынша конструкторлық бюро.

Қазірдің өзінде екінші кезеңге өтетін жобаларды іріктеу жүргізілді. Командалар мүмкіндігі шектеулі адамдармен кездесіп, өз идеяларын пысықтайды.

Сол сияқты реабилитология, хирургия және IT саласындағы мамандардан кеңес ала алады.


Соңғы жаңалықтар