Елордада туберкулезге қарсы күрес флешмобы ұйымдастырылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында туберкулезбен күрес тақырыбына арналған флешмоб ұйымдастырылды.

Астана
Фото: Руслан Ғаббасов / Kazinform

Балалар арасында викторина, фотосурет көрмесі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына флюорографиядан өту ұсынылды. №9 емхананың рентген-лаборанты Ақерке Азмағамбетованың айтуынша, жылжымалы флюорограф қаланың әр түпкірінде тұрғындарды тексеруден өткізеді.

флюро
Фото: Руслан Ғаббасов / Kazinform

«Мұндай жылжымалы кешен күніне 200-300 адамды қабылдай алады. Шалғайдағы ауылдарға да баруға болады. Жұмыс күндері адамдар босай алмайды және арнайы тексерілуге баруға мән де бермей жатады. Мәселен, бүгін демалыс күні. Емханаға бармағандар дәл қазір ақысыз негізде тексеріледі. Бүгін флюорографиядан өткендер тексеру нәтижесін біздің емханадан алады не электронды нұсқада жібереміз. Адам флюорографияға жылына бір рет түсіп тұруы керек. Кейбір мамандықтарда жылына екі рет түсу талап етіледі. Мәселен, менің кәсібім денсаулық сақтау саласында болғандықтан, жылына екі рет тексерілемін», - деді ол.

флюро
Фото: Жастар денсаулық орталығы

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған науқын 24 наурызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар