Елордада үкіметтік ведомстволар қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада шағын футболдан, волейболдан және бильярдтан министрліктер, комитеттер және басқа да орталық атқарушы органдар қызметкерлері арасында спартакиада басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі күнге жалғасатын бұқаралық спорт шарасы мемлекеттік қызметкердің оң ұстанымын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Қазақстанның барлық тұрғындарының дене тәрбиесімен, спортпен белсенді айналысуына арналған.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа Қазақстан - жаңа онжылдық - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылға қарай бұқаралық спортпен айналысатын халықтың санын 30 пайызға жеткізу тапсырмасы жүктелген болатын.

Елордадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда спартакиаданың ашылуында Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, осындай шаралар елдегі бұқараның спортқа деген белсенділігін көтеруге атсалысады.

Осы күні аталған стадионда шағын футболдан, «Жеті қазына» кешенінде бильярдтан, ал «Астана» спорт кешенінде волейболдан жарыстар басталды.

Соңғы жаңалықтар