Елордада ұлттық компаниялар департаменттерінің жетекшілеріне арналған тренинг өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш шараны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жанындағы «Ұжымды дамытудың бірыңғай орталығы» ұйымдастырып отыр. Дағдарысқа қарамастан, «ҚазМұнайГаз» кадрларды дайындау және оқытуға, сондай-ақ бағалы қызметкерлерді анықтап, оларды ұстап қалуға тырысады. Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған тренингке жаттықтырушы ретінде «Sterling Institute CIS» компаниясының бас директоры Владимир Шиков Мәскеуден арнайы шақырылды. В.Шиков ұжымды дамыту жүйесін жасау және енгізу, адами ресурстарды басқару жөнінде менеджерлерді оқыту және дамыту сияқты салаларда сарапшы болып табылады.
«Ұжымды дамытудың бірыңғай орталығы» соңғы 5 жыл ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бір топ компанияларының өндірістік және әкімшілік басқару ұжымын оқыту және дамыту жөніндегі қызметін ұсынып келеді. Қазір аталмыш орталық «Самұрық-Қазына» корпоративтік университет» атауына өзгертілуі үшін тиісті рәсімдеуден өтуде. Корпоративтік университет компанияның талаптары мен стратегиясына сәйкес корпоративтік оқытуды ұйымдастыруға, өндірістік және басқару проблемаларын шешуде алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен технологияларды таратуға бағытталған.