12:33, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
Елордада волейболдан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының ІІ кезеңінің ашылу рәсімі өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - қаңтардың 5-інде Елордада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» спорт залында 2009-2010 жылғы маусымның волейболдан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының ІІ кезеңінің ашылу рәсімі өтеді. Бұл ақпаратты Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы таратты.

Қаңтардың 10-ына дейін жалғасатын бәсекеге еліміздің 13 қаласынан 20-ға жуық команда келіп, 250-ге жуық спортшы бас қосады. Жарыстар
«Еуразия» және Политехникалық колледж спорт залдарында өтеді.
Волейболдан ҚР чемпионатының жеңімпазын анықтау үшін командалар 3 кезеңде бақ сынасатын болады. Алғашы кезең Өскемен қаласында өткен жылдың қараша айында өтсе, соңғы кезең наурыз айында Теміртауда өтеді деп жоспарланып отыр.