Елордада жас сарбаздар ант қабылдады

СТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін елордадағы Отан қорғаушылар алаңында Ішкі әскерлердің Астана гарнизонына қарасты бөлімдеріндегі жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Елордада жас сарбаздар ант қабылдады

Шара барысында ішкі әскерлер қатарында жас жауынгерлер курсынан Астана гарнизонының № 5570 және № 3660 бөлімдерінің екі жүзден астам сарбазы ант қабылдап, Отан қорғаушылар қатарына қосылды. Шараға Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппараты мен Қазақстан

халқы Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ант қабылдаушы сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Ант қабылдау рәсімі 1995 жылдың сәуір айының 7-інде тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік борыштарын өтеу барысында қазақ тапқан Ішкі әскер сарбаздарына арналған Ерлік аллеясындағы ескерткіш тақтаға гүл қоюдан басталды. Сондай-ақ ержүрек жауынгерлердің құрметіне үш дүркін оқ атылып, бір минут үнсіздік жарияланды.