17:23, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Елордада жаяу жүргіншіні қағып мерт еткен көліктің жүргізушісі ұсталды
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Елордада жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен шетелдік көліктің жүргізушісі ұсталды,

деп хабарлады Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
Шілденің 8-і күні түн ортасында, Уәлиханов көшесі бойымен келе жатқан «Мицубиси Галант» көлігінің жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған азаматты қағып кеткен. Жол-көлік апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккен азамат сол мезетте түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Алайда ол ауыр жарақаттардың салдарынан ес жинай алмай, шілденің 9-ы күні қаза тапқан.
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Мицубиси Галант» көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр», делінген баспасөз хабарламасында.