Елордада журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты түсіндіру бойынша шеберлік-сабақ өтті

АСТАНА. Қыркүйектің  28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы «Империя G» қонақ үйінде елордалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен журналистика факультетінің студенттеріне арнап «Қазіргі Қазақстан жағдайындағы мемлекеттік ақпараттық саясат: даму бағыттары мен проблемалары» тақырыбында шеберлік-сабақ өтті,

Елордада журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты түсіндіру бойынша шеберлік-сабақ өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты түсіндіру» жобасы аясында Үкіметтік емес ұйымдардың «Әріптес» конфедерациясы ұйымдастырды.

Келушілердің назарына Қазақстандағы ақпараттық кеңістіктің даму динамикасына жүргізілген терең зерттеулердің нәтижелері бойынша әзірленген электронды таныстырылым ұсынылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасының оқытушысы Гүлмира Сұлтанбаеваның атап көрсеткеніндей, жоба шеңберінде Тараз, Өскемен, Талдықорған, Орал, Алматы және Қарағандыда осы сынды шеберлік-сабақтар өткізіліп, жоғары сыныптағы мектеп оқушыларымен - болашақ талапкерлермен кездесулер ұйымдастырылатын болады.

Олардың нәтижесі бойынша және арнайы жұмыс тобының аймақтарда жүргізіп жатқан әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық масс-медианың қазіргі жағдайы мен оны дамыту бойынша ұсынымдар әзірленіп, үстіміздегі жылдың соңына дейін әдістемелік құрал басып шығарылады.