Елордада жыл сайын миллион шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада жыл сайын миллион шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.
None
None

«Қазіргі уақытта біз жыл сайын 1 млн. шаршы метрден артық тұрғын үйді пайдалануға береміз. 2013 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй берілді», - деді ол.
Қала басшысының атап өтуінше, Астана еліміздің елордасы аталған уақыттан бері 12 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Мемлекеттік қолдау мен түрлі бағдарламалардың арқасында 18 мың отбасы немесе 60 мың адам баспаналы болды.
«Осылайша, соңғы 15 жылдың ішінде Астана халқының тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі адам басына 15-тен 25 шаршы метрге дейін өсті», - деді И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар