Елордадағы Мұңайтпасов стадионы мен «Қазақстан» спорт сарайының құрылысы қашан аяқталады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионы мен «Қазақстан» спорт сарайын қайта салуға қатысты түсінік берді.

Астана
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысына қатысты қазіргі уақытта ғимараттың қаңқасын тұрғызу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан толық қаржыландыру шартымен құрылысты аяқтау 2026 жылдың 1-тоқсанында жоспарланып отыр, — делінген елордалық басқарманың Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Астана
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайын қайта құру мәселесі бойынша 2025 жылғы 8 сәуірде мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.

Қазақстан спорт сарайы
Фото: egemen.kz

— Жергілікті бюджеттің келесі нақтылауында (мамыр/маусым) құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат сұралады. Оны аяқтау 2026 жылдың қыркүйегінде жоспарланған, — деп аталып өткен Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінде.

стадион Хаджимукана Мунайтпасова Қажымұқан Мұңайтпасұлы Астана
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Еске сала кетсек, 2021 жылы елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның апаттық жағдайда тұрғаны айтылды. 

Ал былтыр ақпанда стадионның орнына жаңа жабық спорт кешені бой көтеретіні белгілі болды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордадағы «Қазақстан» спорт сарайын қайтадан салуға қатысты мәселе біраздан бері жалғасып келеді. 

2024 жылы күзде қала әкімі Астанадағы осы спорт сарайының құрылысы қашан аяқталатынын айтты. 

Айта кету керек, «Қазақстан» спорт кешені алғаш рет 2001 жылы наурыз айында ашылған

2007 жылы бұл кешен «Барыс» хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасына (ҚХЛ) қатысуына байланысты қайта жөндеуден өтті және «Барыс» ХК-ның негізгі аренасы ретінде пайдаланылды. Алайда, 2018 жылдың тамызында кешендегі бассейн жөндеуге жабылып, 2019 жылдың сәуірінде спорт нысаны толығымен жұмысын тоқтатқан.

Соңғы жаңалықтар