Елордадағы Шәймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 18-21 сәуір аралығында С.Шәймерденов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Шәймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 19 сәуір күні өтетін жартылай марафонға байланысты бірқатар көше жабылатынын хабарлағанбыз.