10:30, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Елордадағы ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Елордада апта ішінде ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болды. Алдағы күндері күн құбылмалы болады, көшпелі бұлт шығады. Түнде ауа температурасы -4+3°C, күндіз +3+8°C болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

«Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз +3+5°C болады», - деп хабарлады astana.kz сайты.
Жұма күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз +5+7°C болады.
Сенбі күні синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты, күндіз жауын-шашынды болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +1+3°C, күндіз +6+8°C болады.