09:03, 05 Шілде 2009 | GMT +5
Елордадағы орталық алаңда танымал қазақстандық әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астана күніне орай, кеше орталық алаңда танымал қазақстандық әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сарыарқа ауданының әкімдігі ұйымдастырған концерттің орталық шарасы - аталмыш ауданның елеулі қызметкерлері мен қала тұрғындарын «Үздік маман» сыйлығымен марапаттау рәсімі болды.
Ұйымдастырушылардың сыйлық аталымдарына Қазақстанның танымал әншілері мен спорт, қоғам қайраткерлері ие болды.
«Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің жағасында бой түзеген көпұлтты, көп дінді халқы бар әсем де, мерейлі Астанамыздың мерекесі басталды. Біздің Сарыарқа ауданымыздың құрылғанына да Астанамыз секілді 11 жыл толды», -дейді Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина.
Мерекелік концертте Ділнәз Ахмадиева, «Алтын Самұрық» тобы, «Наз» би ансамблі секілді өнер жұлдыздары қала тұрғындарына әннен шашу шашып, өздерінің кәдесыйын ұсынды.