08:20, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Елордадағы парадқа қатысып келген павлодардық ардагерлер Астананы "болашақтың қаласы" деп атады
ПАВЛОДАР. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Астанадағы парадқа қатысып келген өз ардагерлерін Павлодар оркестрмен және гүл шоқтарымен қарсы алды.
Ақсақалдар сапар барысында алған әсерлерімен бөлісе келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесудің естерінде қалатындарын айтты.
«Елбасы маған «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін табыс етті. Ол Жеңіс мейрамымен құттықтады, біз жақсы шүйіркелестік», - дейді Сталинград шайқасына қатысушы ардагер Николай Волков.
Астанада бәрі ерекше ұйымдастырылды. Біз парадты тамашаладық, елорданы көрнекті жерлерін араладық. Демалып алған соң, "болашақтың қаласын" қайта араладық, бәрін өз көзімізбен көргенімізге қуаныштымыз, дейді ардагерлер.