Елордадағы патрульдік полиция жұмысына өзгеріс енгізілді

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ -Астана көшелеріндегі құқықтық тәртіпті бақылаушы полиция жасақтарының жұмыс режимі өзгертілді.
None
None
Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде ҚР Ішкі істер министрі мен қала әкімінің қатысуымен 2008 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Астана қалалық ІІД-нің басты міндеті елордада қоғамдық тәртіпті қадағалау. Соған орай патрульдік полицияның орналасуы өзгертіліп, олардың қатары ІІД мен ІІМ-нің қызметкерлерімен толықтырылды. Қазір елорда көшелеріне күніне 1 мыңға жуық патрульдік полиция қызметкерлері мен 200-ге тарта әскерилер шығады», деп атап көрсетті М.Демеуов.«Сондай-ақ 460- қа тарта қоғамдық ұйымдардың өкілдері күнсайын қаланың ішіндегі тәртіпті қадағалауға қатысып отырады. Соның негізінде былтыр Астанада көшедегі қылмыс 11 пайызға, қоғамдық орындарда 7 пайызға азайған. Қала ішінде 230 бейнекамералар қоғамдық тыныштыққа бақылау жасауда. Бұл камералар арқасында 200 қылмыс, 29 мың әкімшілік құқық бұзушылық пен 15 жол- көлік ережелерін бұзу фактілерінің беті ашылды», деді ІІД бастығы Марат Демеуов.
Соңғы жаңалықтар