Елордалық балуан Марлан Мұқашев халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Muhamet Malo Ranking Tournament халықаралық жарысында Қазақстан грек-рим күресі құрамасының өкілі Марлан Мұқашев (55 келі) жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Халықаралық дода Албания астанасы Тирана қаласында өтті.
Жартылай финалда жерлесіміз Үндістан спортшысы Вишваджит Моремен белдесті.
Тартысты өткен кездесуде Марлан соңғы шешуші әрекеті арқылы есепті 12:12-ге теңестіріп, ереже бойынша соңғы нәтижелі қимыл артықшылығымен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз беделді халықаралық рейтингтік турнирдің қола медалін иеленді.
Бұған дейін Тиранада грек-рим күресінен 67 келі салмақта өнер көрсеткен Мейіржан Шермаханбет Muhamet Malo рейтингілік турнирінде жеңімпаз атанғаны белгілі болды.