Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

шахматтан екі дүркін чемпион
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті.

Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жас шахматшылармен кездескені хабарланды.

Сонымен қатар, астаналық зейнеткерлер арасында үздік шахматшы анықталатыны белгілі болды.

Бұдан бөлек шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Соңғы жаңалықтар