Елордалық өрт сөндірушілер 10-қабаттағы өрттен 7 адамды құтқарды
Астаналық өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі пәтерде болған өрттен 7 адамды құтқарды, олардың арасында 3 бала бар, деп хабарлайды Kazinform.
«9 қаңтар күні сағат 9:58-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қабанбай батыр даңғылы, 59 мекенжайындағы пәтердегі өрт туралы хабарламаға аттанды. Онда «Будапешт» тұрғын үй кешенінің 10 қабатындағы пәтердің ас үй бөлмесінде жиһаз бен үй заттары жанғаны анықталды», - деп баяндады астаналық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиғаға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 28 адамы мен 7 дана техникасы жұмылдырылды.
Олар көрші пәтерден 7 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.
Осылайша, өрт сағат 10.32-де оқшауланып, сағат 10.35-те толық сөндірілді.
«Құтқарушылар өрт сөндіру техникасы үшін жолдың жабылуы, жеке автокөліктердің көптеп тұраққа қойылуы мәселелеріне тап болды. Осыған байланысты ТЖД автокөліктерді кірме жолдарда қалдырмауды, тұрақ немесе тұрақ үшін орын таңдауды, арнайы техниканың өтуі үшін бос орын қалдыруды ескертеді. Өйткені әр секунд пен минут біреудің өмірі мен мүлкін сақтауға мүмкіндік береді», - дейді Төтенше жағдайлар департаменті.