10:44, 21 Ақпан 2017 | GMT +5
Елордалық 15 адамды шет елдегі жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері азаматтардың сеніміне кіру арқылы алдау әрекетімен ақша алған күдіктілерден зардап шеккен жәбірленушілерді іздейді, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінде «КORE АNA» фирмасының өкілімін деп таныстыратын «Мадияр» есімді күдіктіге қатысты қылмыстық іс жүргізілуде.
2016 жылғы 10 маусым мен 25 тамыз аралығында күдіктінің елордалық азаматтарды алдау арқылы Оңтүстік Кореяда жоғары жалақылы жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, әрбірінен 400 мың теңге көлемінде ақша алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта 15 жәбірленуші арызданды.
Қалалық ІІД күдіктінің әрекетінен зардап шеккен барлық жәбірленушілерді төменде көрсетілген телефондарға хабарласуларын сұрайды: 71-67-10, 71-67-49, 8-775-152-65-90 (тергеуші Ж.Д. Күлкаев).