20:45, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елордалық «Алматы» ауданының әкімдігі аулалық аумақтарды абаттандыруға айрықша көңіл бөлуге ниет танытып отыр
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ – Еуразия гуманитарлық институтында «Алматы» ауданының әкімі Сапар Ахметовтың халықпен кезекті кездесуі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әкімнің атап өткеніндей, ауданның аумағында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 27 ойын алаңын жөндеу және әрлеу жұмыстары басталады. «Астана аулалары» бағдарламасын одан әрі іске асыру аясында 63 мекен-жай бойынша тұрғын аудандар абаттандырылады. Жалпы ұзындығы 37 мың қума метр, оның ішінде алаңы 75 мың шаршы метр жолдың жиектемесін аулалық өңірлерде орнату жоспарланған. Сонымен қатар, жауапты аумақтарда әкімшілік бес спорттық және 35 ойын алаңын салуды көздеп отыр.Сондай-ақ, қалалық әкімдіктің бастамасы бойынша ағымдағы жылы көшеттерді отырғызу ағаштардың орналасқан орыны мен жасы көрсетілген тиісті сертификат әзірлене отырып жүзеге асырылатын болады, одан кейін ол сәбилердің ата-аналарына тапсырылады. «Бұл 2009 жылы дүниеге келетін нәрестелердің осы ағаштармен бірге өсуіне және гүлденуіне білдірілген өзіндік тілек болмақшы», ? деді С.Ахметов.