Елордалық «Барыс» Қазанға реванш алуға аттанды
СТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Астаналық «Барыс» хоккей клубы бүгін және ертең «Ақ Барс» командасымен «плей-офф» ширек финалдық сериясының алғашқы екі матчын өткізеді.
Ойындар Қазанда өтеді.
Бұл қарсыластар ел чемпионаттарында тоғыз рет кездескен болатын және барлық кездесуде қазандықтар жеңіске жетті. Биылғы маусымда «Ақ Барыс» астаналық клубты екі рет жеңді. Астанада өткен бірінші кездесу - 5:4 есебімен, Қазанда өткен екінші кездесу де 4:1 есебімен, қазандықтардың жеңуімен аяқталған еді.
Айта кету керек, «Ақ Барс» Лиганың бас жүлдесі - Гагарин Кубогының иегері.