01:11, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Елордалық егіздер Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғамақ (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда AKTAU OPEN FEST 2015 атты халықаралық музыка және спорт фестивалі өтуде. Шара бағдарламасына брейк-данс бойынша әлем чемпионаты үшін іріктеу кезеңі енді. Оған Тәжікстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінен келген спортшылар қатысты.

Турнир жеңімпаздары ретінде Астанадан келген егіздер, «23 Style» командасының қатысушылары Әділет және Дәулет Анарбековтер танылды.
«Бұрын біз «Simple system» командасының құрамында өнер көрсеткен едік. Жеңіске жету үшін өте көп жаттықтық. Маңғыстау облысының әкімдігіне чемпионатты ұйымдастырғаны, Оңтүстік Кореяға баруға мүмкіндік бергені үшін зор алғыс айтамыз. Біз жеңіске қол жеткіземіз! Бұл біз үшін брейк-данс бойынша үшінші әлем чемпионаты болмақ», - дейді Әділет Анарбеков. Бұл Маңғыстау өңірінде өтіп жатқан әлем чемпионатына үшінші іріктеу кезеңі. Оның алғашқысы 2010 жылы Жаңаөзен қаласында өткен болатын. Сайысқа барлығы 80 адам қатысуда.