Елордалық «Есіл» ауданының прокуратурасы Ашық есік күнін өткізеді

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Халық арасында құқықтық нигилизмді, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдау мақсатында Астананың «Есіл» ауданының прокуратурасы наурыздың 30-ы күні Ашық есік күнін өткізеді.

Елордалық  «Есіл»  ауданының прокуратурасы  Ашық  есік күнін  өткізеді
ҚазАқпаратқа бұл туралы қадағалаушы органның баспасөз қызметінен хабарлады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудан прокуроры, прокурордың орынбасары және прокуратура қызметкерлері қабылдайды. Прокуратураның мекен-жайы: Астана қаласы, Б.Майлин көшесі, 4/1 (2-ші қабат. Сенім телефоны: 8(7172)351660.