Елордалық Ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы ұсталды
![None None](/static/img/plug.webp)
Оған 2012 жылы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымын атқарған кезінде Шығыс Қазақстан облысының 3 ауылында бірнұсқалы модульдік аудандық ветеринариялық лабораториялардың құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған деген айып тағылуда. Мемлекетке келтірілген залал 83 млн.теңгеден асты. Жақыпбаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Егде жасына және денсаулық жағдайына байланысты Жақыпбаевқа қатысты кепілпұл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бүгінгі күні оның басқа сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.