Елордалық жоғары және арнаулы оқу орындарының арасында байқау өтті

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Кеше Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде «Студенттік көктем – 2009» фестивалі аясында жоғары және арнаулы оқу орындарының арасында «Алтыбақан» атты байқау өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқаудың мақсаты ? жастарды мемлекеттік тілді, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу, олардың бойындағы өнерін жетілдіру және шешендік сөздердің мағынасын терең түсіндіру. Байқауға елордадағы жоғары және арнаулы 7 оқу орнының жастары қатысты. Олар 4 кезең бойынша сынға түсті. «Сыр мен сымбат иесі» кезеңінде ұлттық киім үлгісі мен сахнада өздерін ұстай білу мәдениетін көрсетіп, топ мүшелерін таныстырды. «Өнерлінің өрісі кең» сайысында ән айтып, би билеп, ұлттық аспаптарда ойнады. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» додасында салт-дәстүрлердің қазіргі замандағы орны мен пайдасы жайында өз көзқарастары төңірегінде қойылымдар көрсетті. Ал «Сыр сандықты ашып қара» атты соңғы кезеңде жасырылған мақалдың түпкі мағынасын ашу қажет болды. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы жастар үшін тәрбиелік тұрғыда аса маңызды осы сынды байқаулардың өміршең болуына тілектестігін білдіріп, олардың кеуделеріндегі «еліне, тіліне деген патриоттық сезімдер қашанда жалындай берсін»- деген тілегін жеткізді. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, бірінші орынды ? Еуразия гуманитарлық институты, үшінші және төртінші орындарды Көлік және коммуникация колледжі мен Медициналық колледж ұжымы бөлісті.
Соңғы жаңалықтар