Елордалық жол полициясы демалыс күндері мыңнан астам тәртіп бұзушылықтың алдын алды
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Демалыс күндері елордалық жол полициясы инспекторлары жол қозғалысы ережесін бұзудың 1010 оқиғасының алдын алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жол полициясы басқармасынан хабарлады.
Инспекторлар көлікке мас күйінде отырған 42 жүргізушіні, 51 жылдамдықты шамадан тыс асырған, 69 қауіпсіздік белдігін тағынбаған, сондай-ақ, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзған 105 жүргізуші мен рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 49 жаяу жүргіншіге ескерту жасады.
Бұдан басқа, демалыс күндері елорда аумағында 5 жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.