Елордалық жұмыс берушілер медициналық анықтамалардың растығын тексере алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «SMART медицина» ақпараттық базасы іске қосылғаннан кейін жұмыс берушілерге медициналық анықтамалардың растығын тексеруге мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
None
None

«Электронды ақпараттар базасы оған енгізілген барлық мәліметтерді сақтап отырады. Қандай да бір анықтаманы алу үшін пациент медициналық мекемеге жүгінеді. Сәйкесінше білгілі бір дәрігерге жолдама алып «із қалдырып» кетеді», - деді қалалық мәслихатта өткен жиында Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Надыров.

Оның айтуынша пациенттің иденфикаторы оның ЖСН болып табылады.

«Бірыңғай мәліметтер базасынан кез келген жұмыс беруші кіріп, жұмысшы берген анықтаманың растығын тексере алады», - басқарма жетекшісі.

Айта кетейік, «SMART медицина» жобасы Астанада 2018 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. Жоба бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда пациенттердің медициналық мәліметтері бірыңғай ақпараттық базаға енгізіліп, бұл дәрігерлердің қағазбастылық жұмысын 30 пайызға азайтады.

Соңғы жаңалықтар