Елордалықтардың «Астана су арнасы» МКК алдындағы берешектері 180 миллион теңгені құрады

Белгілі болғандай, 1 наурызға дейін су-кәріздік қызметтер үшін жалпы дебиторлық берешек 184,0 миллион теңгені құрайды. Соның ішінде жеке тұлғалар - 67,1 миллион теңге, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары - 116, 7 миллион теңге, бюджеттік ұйымдар - 209,0 мың теңге көлемінде берешек болып отыр.
Коммуналдық бригадалар алдын ала ескерткеннен кейін 3 айдан астам қарызы бар азаматтарды сумен қамсыздандырудың орталық жүйесінен ажыратады. Ағымдағы жылдың басынан бастап жеке тұлғаларға берешек сомасы 55,8 миллион теңгені құрайтын 5068 ескерту таратылды. Заңды тұлғаларға берешек сомасы 1,1 миллион теңгені құрайтын 15 ескерту таратылды, оның 1,0 миллион теңгесі төленді.
«Берешектерді төлеп болғаннан кейін тұтынушыларға толық көлемде «Астана су арнасы» МКК қызмет көрсетуін жалғастырады. Борышкерлердің үлкен көлемдегі санын ескере отырып, дебиторларды сумен қамтамасыздандыру және кәріздендіру жүйесінен ажырату бойынша қосымша бригадалар құрылды»,-делінген аталған мәкеменің мәліметінде.
Жеке тұлғалар бойынша берешек сомасы 996 мың теңгені құрайтын 56 пәтер кәріздендіру жүйесінен ажыратылды, олардың ішінде берешегі 492 мың теңгені құрайтын 43 пәтер төледі. Заңды тұлғалар бойынша берешектері 26,3 миллион теңгені құрайтын 88 ұйым ажыратылып, ондағы сомасы 5,3 миллион теңге құрайтын 48 ұйым қарызын өтеді.